Мамандарға сұрақ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының отырысында бекітілген терминдер

ЖҮКТЕУ

Соңғы жаңалықтар

   2015 жылдың 8-9 қазан айында «Алату» шипажайында Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығымен ұйымдастырылған «Қоғамдық-бағдарлану психиатриясын дамыту» тақырыптағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның жұмыс барысында психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар мен шетелдік қонақтар да қатысты. Шетелдік қонақтардың арасынан конференцияға Ресей Федерациясының, Литваның, Қырғызстанның, Өзбекстанның,Тәжікстанның бас психиатрлары сонымен қатар Афганистан, АҚШ, Иран, Пәкістанның психиатриялық және наркологиялық қызметтің өкілдері шақырылды. Конференцияны ҚР ДСӘДМ штаттан тыс психиатры, м.ғ.д., профессор С.А. Алтынбеков мырза ашты. Қоғамдық-бағдарлану психиатриясының мәселелері конференцияның өзекті тақырыбының бірі болды. Конференцияның барлық тақырыптары 3 секторға бөлінді: психиатрия, психотерапия және наркология секциясы.

   Әр секцияда қазіргі күнде барлық психиатр-мамандарды, наркологтарды, психологтарды уайымдататын тақырыптарға лайықты баяндамалар оқылды. Конференция уақыты барысында 23-презентациялар көрсетіліп 27-баяндамалар оқылды. Конференцияның аяқталу соңында конференцияның мәліметтер жинағы шығарылды.

10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні

 

    Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні (World Mental Health Day) 1992 жылдан бастап дүниежүзілік психикалық денсаулық  федерациясының  (World Federation for Mental Health) қолдауы бойынша атап өтіледі.

 

Негізгі фактілер:

- 450 миллионнан аса адам психикалық бұзылудан зардап шегеді. Көптеген адамдардың психикалық денсаулығында  проблемалары  бар.

- Психикалық денсаулық денсаулықтың ажыратылмайтын бөлімі болып табылады. Психикалық денсаулықсыз денсаулық жоқ.

- Психикалық денсаулық – бұл психикалық бұзылулардың  болмауы ғана емес.

WEBMUS- разработка и раскрутка сайтов

 

Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 

қ.Алматы

тел: +7 727 272 48 32